Ирак астанасы Бағдат қаласындағы перзентханада өрт шығып, 11 нәресте көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Оқиға шаһардың батыс бөлігінде сәрсенбіге қараған түні болған. Құтқарушылар отқа оранған ғимарат ішінен 7 сәби мен 29 әйелді алып шығып, басқа ауруханаға жеткізді. Алдын-ала жасалған болжамға сәйкес, өрттің шығуына электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған. Ақпарат құралдары қазіргі кезде тілсіз жаудың толықтай ауыздықталғанын хабарлап отыр.  

 

Сурет: www.tvc.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер