АҚШ-тың Техас штатында Зика вирусының салдарынан бір нәресте көз жұмды. Мамандардың айтуынша, баланың анасы жүкті кезінде Латын Америкасында болыпты. Әйел вирусты сонда жұқтырды деген болжам бар. Нәресте микроцефалияға шалдыққан. Кейін дәрігерлер науқас баланың бойынан Зика вирусын анықтаған. Сәби туылған соң бірнеше күннен кейін көз жұмды.   

 

Айта кетейік, Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінде белең алған Зика вирусын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһандық қатер деп таныған еді. Көбіне масалар арқылы жұғатын безгек әсіресе жүкті әйелдер үшін қауіпті. Ол құрсақтағы сәбидің  миының дамуына кері әсер етеді.

 

Сурет: vrach-ryadom.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер