БҰҰ Пәкістанда ауруханаға жасалған шабуылды қатаң сынға алды. Халықаралық ұйымның бас хатшысы Пан Ги Мун ел үкіметін лаңкестік әрекетке қатысы барларды жауапкершілікке тартып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салуға шақырды.

 

Фархан ХАК, БҰҰ-НЫҢ ӨКІЛІ:

БҰҰ-ның бас хатшысы Пәкістанның Кветта қаласындағы ауруханаға жасалған шабуылды қатаң сынға алады. Ол лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тез сауығып кетуін тілейді.

   

Еске салсақ, күні кеше Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы ауруханада жарылыс болған еді. Рейтер агенттігі оқиға кезінде 70-ке жуық кісінің қаза тапқанын хабарлады. Өзге ақпарат құралдарындағы мәліметке сәйкес,  марқұмдардың қатары 100-ден асқан. Ондаған адам жарақат алды. Билік өкілдері жарылысты жанкештінің жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан атыстың дыбысы естілді деген ақпарат та бар. Шабуыл үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды. 

 

 

 

Сурет: www.mirror.co.uk

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер