Мексиканың шығысында «Эрл» тропикалық дауылынан кейінгі лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 45 адамға жетті. Бұл туралы ABC news телеарнасы хабарлап отыр. Пуэбла штатында құтқарушылар үйінді мен лай астынан 3 адамның жансыз денесін тапты. Ал, көршілес Веракруста апаттан тағы 2 адамның қаза тапқаны анықталды. Бұған қоса, аталған аймақта мыңнан аса тұрғын баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған. Лай көшкіндерінің салдарынан 18 бірдей елді-мекенмен байланыс үзілді. Жергілікті билік апаттан соң өңірде түрлі аурулардың таралуына жол бермеу үшін тиісті шараларды қолға алып отыр. Мексика президенті Энрике Пенья Ньето марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен елді-мекендер мен тұрғындарға көмек көрсететіленін мәлімдеді.

 

Ал, жергілікті ұлттық метеорологиялық қызмет ел жағалауына «Хавьер» атты жаңа тропикалық дауылдың жақындап келе жатқанын хабарлады. Онымен бірге Халиско, Наярит, Синалоа және Төменгі Калифорния штаттарына қатты жауын келе жатыр.   

 

 

 

Сурет: g1.globo.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер