Оңтүстік Кореяда бір айдан кейін жемқорлыққа қарсы жаңа заң күшіне енеді. Оған сәйкес, мейрамханаға кешкі асқа немесе гольф ойынына шақыруға, бағалы бұйымдарды сыйға тартуға шектеу қойылады. Жаңа заң  бойынша, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, журналистер мен  олардың отбасы мүшелері енді құны 26 доллардан аспайтын кешкі асқа шақырып, құны 44 долларды құрайтын сыйлық сыйлауға мүмкіндіктері бар. Кореяның экономикалық зерттеулер институты ұсынған мәлімет бойынша, жаңа заң жалпы көлемі ел экономикасын 10,5 миллиард доллар шығынға ұшыратады. Тіпті тауар өндірушілер де зардап шегуі мүмкін.  Қоғамдық ұйымдар жаңа заңға қарама-қайшы пікір айтқанымен, Конституциялық сот оны өзгеріссіз қалдырды.

 

Пак КЫН ХЕ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ ПРЕЗИДЕНТІ:

Заң күшіне енгеннен кейін, қоғамда шынайылық артып, әділеттілік орнайды. Экономикалық тиімділік те ұлғаяды. 

 

Заңға қайшы әрекет үшін азаматтар айыппұл төлеуге міндеттеледі. Тіпті 900 долларға жететін экономикалық қылмысқа 3 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қазір Оңтүстік Корея жемқорлық деңгейі бойынша әлемде 37-ші орында тұр.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер