Жапония императоры Акихито жасына байланысты өз міндетін атқару қиындап бара жатқанын мәлімдеді. 82 жастағы монарх ел халқына жасаған үндеуінде осыны айтты. Қалай дегенмен, император өз сөзінде тақтан бас тартатыны туралы ашық айтпады.

 

Акихито, ЖАПОНИЯНЫҢ ИМПЕРАТОРЫ:

 

Менің жасым 80-ге келді. Алайда денсаулығым сыр берді деп айта алмаймын. Уақыт өте келе күш-қуатым да азаятыны анық. Ал бұл келешекте менің өз міндетімді толықтай орындауыма қиындық туғызады ма деп алаңдаймын.

 

Айта кетейік, өткен айда жапон телеарналарының бірі Акихитоның ұзақ уақыттан бері отставкаға кеткісі келіп жүргенін хабарлаған еді. Императордың өз еркімен тақтан кетуі - бұрын-соңды Жапония тарихында болмаған жайт. Акихито өз міндетінен бас тартқан жағдайда, оның орнын үлкен ұлы 56 жастағы Нарухито басады. Ел конституциясына сәйкес, Жапонияда император мемлекеттік символ болып табылады. Ол елдің саяси өміріне араласпайды. 

 

Сурет: zn.ua

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер