Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы ауруханада болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 90 адамнан асты. Ондаған кісі жарақат алды. Кветта қаласындағы госпитальге Адвокаттар алқасы президентінің мәйіті жеткізілген болатын. Сол себепті жарылыстан қаза тапқандардың арасында марқұммен қоштасуға келген заңгерлер және журналистер көп. Билік өкілдері жарылысты жанкештінің жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан атыстың дыбысы естілді деген ақпарат та бар. Қауіпсіздік күштер мекеме аумағын қоршауға алды. Қазіргі кезде бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Шабуыл үшін жауапкершілікті әзірге ешбір ұйым мойнына алмаған.

 

Айта кетейік, Пәкістанның Кветта қаласында лаңкестік әрекеттер жиі болып тұрады. Бұл шаһарда жергілікті тәліптермен қатар, көптеген сепаратистік ұйымдар да белсенді әрекет етеді. 

 

Сурет: era.by

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер