«Әлем қауымдастығы осыдан 71 жыл бұрын атом бомбасы тасталған Хиросима мен Нагасакидегі қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеуге тиіс». Жапон премьер-министрі Синдзо Абэ Хиросимадағы Бейбітшілік саябағында өткен еске алу шарасында осылай деді.

 

Синдзо АБЭ, ЖАПОНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Осыдан 71 жыл бұрын Хиромима мен Нагасаки халқы бастан кешірген қайғылы жағдайдың қайталануына ешқашан да жол бермеуге тиіспіз. Осы міндетті орындау үшін жауапкершілік бүкіл әлем азаматтары үшін ортақ міндет болып табылады.

 

Сондай-ақ, Синдзо Абэ атом шабуылынан зардап шеккен әлемдегі жалғыз мемлекет ретінде Жапония ядролық қаруға иелік етуге, оны өндіруге және өз аумағына кіргізуге тыйым салатын үш қағиданы ұстанудан таймайтынын тағы бір атап көрсетті.

 

1945 жылы 6-шы тамыз күні таңертең АҚШ ұшағынан Хиросима қаласына салмағы төрт тонналық уран бомбасы тасталды. Жарылыстан бір сәтте 160 мыңға дейін адам көз жұмды. Араға үш күн салып, тамыздың 9-ында АҚШ-тың атом шабуылынан Жапонияның Нагасаки қаласы зардап шекті. Мұнда 60-80 мың ада қаза тапты. Атом бомбасы құрбандарының қатары жыл санап артып келеді. Өйткені бомбылаудан кейінгі радиациядан мыңдаған адам онкологиялық індеттерге шалдыққан. 

 

Биыл мамыр айында Хиросимаға АҚШ президенті Барак Обама барды. Ол атом шабуылынан бергі 71 жыл ішінде қалаға аяқ басқан алғашқы америкалық президент болды. 

 

 


Сурет: politrussia.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер