Францияның Ницца қаласында болған лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың саны 85 адамға жетті. Жергілікті билік өкілінің мәлімдеуінше, оқиға кезінде ауыр жарақат алған 56 жастағы Пьер Аттерман ауруханада көз жұмды. Лаңкестік жасалған күні ол Ағылшын жағалауына отбасымен бірге келген екен. Шабуылдан оның жұбайы мен ұлы ажал құшты. Ал, 14 жастағы қызы әлі күнге дейін ауруханада жатыр. 

 

Еске салсақ, 14-ші шілдеде Ницца қаласында отшашу тамашалауға жиналған халықты тегі тунистік азамат жүк көлігімен қағып, ондаған кісінің өмірін қиған еді. Шабуыл үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды.

 

Сурет: life.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер