Үндістандық құтқарушылар Махараштра штатында опырылып түскен көпірдің орнынан 14 адамның жансыз денесін тапты. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, тағы 40 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен. Кейбір мәйіттер оқиға орнынан жүздеген шақырым жердегі Арабия теңізінен табылды. Құтқару операциясына Үндістанның әскери-әуе күштері мен жағалау күзетінің тікұшақтары  тартылған. Еске салсақ, 3-ші тамызда елдің оңтүстік-батысындағы Махараштра штатында тасқын салдарынан көпір құлаған болатын. Ол - британдықтар отарлаған кезде өткен ғсырдың орта шенінде салынған ескі құрылыс. Апат кезінде көпір үстінде 2 автобус пен бірнеше жеңіл көлік болған.

 

Сурет: xn----8sbejf1b9b0a3g.xn--p1ai

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер