Португалияның шығысында болған өрт 422 көлікті күлге айналдырды. Тілсіз жау ашық аспан астында өткен музыка және би фестивалінде тұтанған. Абырой болғанда, жергілікті биліктің мәлімдеуінше адам шығыны жоқ.  Құтқарушылар мерекелік шара орнынан 4 мың адамды қауіпсіз аумаққа көшірді. Куәгерлер көліктердің сіріңке қорабы сияқты лезде отқа оранғанын айтады. Полиция сақтандыру компанияларымен бірге, өрттен келген шығынды анықтап жатыр. Оттың шығу себебі әзірге белгісіз.  

 

Сурет: kievphotosite.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер