Италияда артылып қалған тағам мұқтаж жандарға таратылады. Ел парламенті азық-түлік қалдықтары туралы жаңа заң қабылдады. Құжатта жарамдылық мерзімінен өткен және тауарлық өңі кеткен өнімдерді мұқтаж адамдарға берген зауыт пен дүкендерді мадақтау қарастырылған. Мемлекет кәсіпкерлердің мұндай жомарттығы үшін оларға салықтық жеңілдіктер уәде етіп отыр. Айта кету керек, жыл сайын италиялықтар тұтынуға жарамды 5 млн тонна азық-түлікті лақтырып тастайды. Ысыраптың салдарынан ел экономикасына 12 миллиард еуро көлемінде нұқсан келтіріледі. Бұл - Италияның ішкі жалпы өнімінің бір пайызы.

 

Марко ЛУККИНИ, BANCO ALIMENTARE ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 

Әдетте қайырымдылық ұйымдары фермерлерден, кәсіпорындардан, супермаркеттер мен мейрамханалардан жылына шамамен 500 мың тоннадай азық-түлік жинайды. Кәсіпкерлермен өзара байланыс бұрыннан орнаған. Бірақ, жаңа заң бұдан да көп тамақ өнімдерін жинауға мүмкіндік береді.

 

Жаңа заңда мейрамханаларға қатысты арнайы бап бар. Онда тамақтану орындарын азаматтардың өтініші бойынша "отбасылық сөмке" деп аталатын қолдорба беруге міндеттейді. Бұл тұтынушының тауыса алмаған тамағын үйіне алып кетуі үшін жасалып отыр.

 

Сурет: kyrtag.kg

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер