Қытайдың Хэбей провинциясында порталды автобустың сынағы өтті. Алып машина жолдағы көліктерге кедергі жасамай, олардың үстінен жүріп өтеді. Жоба авторлары бұл автобус көлік кептелістерінен арылуға мүмкіндік береді деп сенеді. Биіктігі - 5, ұзындығы – 22, ал ені 8 метрге жуық алыпқа 300 жолаушы сияды. Оның салоны көтеріңкі етіп жасалғандықтан, өзге көліктерге еш кедергі келтірмейді. Тіпті, оны жер үстіндегі метрополитен деп атауға да болады. Тек жерасты теміржолымен салыстырғанда автобустың өзін құрастыруға және жолдарды оған арнап бейімдеуге бес есе аз шығын жұмсалатын көрінеді. Бұған қоса, ол экологиялық таза. Өйткені электр қуатымен жүреді және сағатына 60 км-ге дейін жылдамдық ала алады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер