АҚШ-та полиция қызметкері "Ирак пен Левант лаңкестік тобымен" байланыста болды деген күдікпен қамауға алынды. Ол Вашингтондағы метро станциясында жұмыс істеген. 36 жастағы офицер эстремистік ұйым мүшелеріне материалдық-техникалық көмек көрсеткен. Ол барлық қажетті ақпаратты жинап, тек жіберіп үлгермеген. Бірақ онымен содырдың кейпіне еніп, байланыс жасап жүрген АҚШ-тың Федералды барлау бюросының тыңшысы болатын. Осылайша, 12 жыл құқық қорғау органында жұмыс істеген офицердің жасырын әрекеті әшкере болды. Оның соты Вирджиния штатының Александрия қаласында өтеді.

 

 

 

Сурет: www.ktxs.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер