Дубай әуежайында азаматтық қорғаныс басқармасының бір қызметкері  өрт сөндіру кезінде көз жұмған. 3-тамызда Үндістаннан ұшып келген лайнер қонар кезде отқа оранып, бір жағына қисайып тоқтаған еді. Emirates Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақ бортында болған 282 жолаушы мен 18 экипаж мүшесі 45 секунд ішінде шығарылған. 10 адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Дубай әуежайы осы оқыс оқиғаға байланысты 6 сағатқа жабылып, барлық рейстер Әл-Мактум әуежайына жіберілді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер