Үндістанның Махараштра штатында толассыз жауған нөсердің салдарынан көпір опырылып құлап, 20-дан аса адам із-түссіз жоғалды. Оқиға елдің батысындағы Махад қаласының маңында Мумбаиды Гоамен байланыстыратын тас жолда болған. Муссон жауын-шашынның кесірінен өңірдегі Савитри өзені арнасынан асып, нәтижесінде ескі көпірдің тіреулерін су шайып, оның бір бөлігі опырылып түскен. Осы кезде оның үстімен бірнеше автокөлік пен 2 автобус жүріп бара жатқан. Куәгерлердің айтуынша, адамдарды судың қатты ағысы алып кеткен. Ақпарат құралдары жоғалғандардың саны әлі де өсуі мүмкін деп хабарлады. Аймақтағы құтқару операциясына қолайсыз ауа-райы кедергі келтіріп отыр.

 

Сурет: commons.wikimedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер