Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты алдында Рио-де-Жанейродағы туристік орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Тәртіпті қамтамасыз етуге 85 мың адам тартылған. Олардың шамамен жартысы - әскери қызметкерлер. Елдің әділет министрінің айтуынша, дүбірлі дода кезінде шабуылдардың жасалу қаупі аз. Айта кеткен жөн, бұған дейін Бразилияда Олимпиада кезінде лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған қылмыстық топтың 12 мүшесі қамауға алынды. Жергілікті билік олардың бүкіл әлемге қауіп төндірген "Ирак пен Левант лаңкестік тобымен" байланысы болмағананын айтады. 

 

Сурет: boingboing.net

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер