АҚШ-тың Калифорния штатында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, 5 адам қаза тапты. Оқиға сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 3.30- дың шамасында Мерсед қаласында болған. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, 30-ға жуық жолаушы мінген көлік Оңтүстік Калифорниядан Сакраментоға келе жатып, жол белгісі бекітілген бағанаға барып соғылған. Оқиғадан соң тасжолдың апат болған бөлігі уақытша жабылды. Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталу үстінде.

 

Сурет: en.wikipedia.org

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер