Түркияның оңтүстік-шығысындағы Бингёль провинциясында болған жарылыстан 6 полиция қызметкері қаза тапты. Тағы 4 сақшы жарақат алды. Алдын-ала мәліметке сәйкес, «Күрдістанның жұмысшы партиясының» мүшелері полицияның автокөлігі жүріп бара жатқан жолда жарылғыш затты іске қосқан. Бомба содырлардың көлігінің ішіне орнатылған көрінеді.

 

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын күрдтермен арада жанданған қарулы қақтығыстардың нәтижесінде 600-ден астам әскери мен полимция қызметкері қаза тапты. Түркияның бас штабы осы уақыт аралығында 5 мыңға жуық бүлікшінің көзін жойғанын хабарлап отыр.

 

 

 

Сурет: arabic1.people.com.cn

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер