АҚШ-тың әскери-әуе күштері Ливияда "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" бекінген орындарға әуеден шабуыл жасады. Пентагонға мұндай өтінішті Ливия үкіметі білдіріпті. Соққы берілген Сирт қаласы "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" содырларының осы елдегі негізгі қосыны деп саналады. Мемлекеттегі тұрақсыз жағдайды пайдаланған экстремистер Сиртті өткен жылы басып алған еді. Ал, мамырда үкімет жасағы оны лаңкестерден азат ету операциясын бастады. 

 

Питер КУК, ПЕНТАГОННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Біз Ливияның ұлттық келісім үкіметінің сұрауы бойынша әуе шабуылдарын бастап кеттік. Олар біздің қолдаусыз-ақ құрлықтағы әскери операцияда үлкен жетістікке жеткен. Дегенмен Сирт қаласы маңында шоғырланған экстремистерді тізе бүктіру үшін "дәлме-дәл соққылар" қажет болды. Сондықтан да Ливия билігі біздің авиацияға арқа сүйеп отыр.

 

 

 

Сурет: www.theguardian.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер