Гонконг аумағына «Нида» тайфуны жетті. Дауылмен бірге толассыз нөсер жауып, екпіні сағатына 158 шақырымға дейін жететін қатты жел тұруда. Ондаған ағаш құлап қалған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қаладағы мектептер, мемлекеттік мекемелер, банктер мен кеңселер уақытша жабылды. Қоғамдық көлік қатынасы жартылай тоқтап, халықаралық әуежайдан ұшып шығуы тиіс жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді. Қатты толқынның салдарынан паром қатынасы да тоқтап тұр.

 

«Нида» тайфуны Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында да ойран салуда. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, дауыл әсіресе Шэньчжэнь қаласының тұрғындарын әбігерге салып отыр. Мұндағы желдің екпіні сағатына 151 шақырымға дейін жеткен. Аймақтағы мектептер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар уақытша жабық. Жергілікті билік тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа шықпауға кеңес берді. Мамандар «Нида» соңғы 30 жыл ішінде аймақта соққан ең жойқын тайфун болуы мүмкін деп қауіптенеді. 

 

 

 

Сурет: itsoknoproblem.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер