АҚШ-тың Флорида штатында Зика вирусын жұқтырудың тағы 10 дерегі тіркелді. Осылайша, шілденің 29-ынан бері қауіпті дертке шалдыққандардың қатары 14 адамға жетті. Ел билігі вирусты масалар арқылы жұқтырған болуы тиіс деп есептейді. Штат басшылығы енді елдегі ауруларды бақылау және алдын-алу жөніндегі федералдық орталықтан көмек сұрап отыр. Ел билігі жүкті әйелдерге Флорида штатындағы Майами-Дейд округіне бармауға кеңес беріп отыр.

 

Айта кетейік, масалар арқылы тарайтын Зика вирусы ең алдымен аяғы ауыр әйелдер үшін қауіпті. Себебі ол ана құрсағындағы баланың дамуына кері әсер етуі мүмкін. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер