Боливия полициясы 7,5 тонна кокаин тәркіледі. Ұсталғандар ірі көлемдегі есірткіні Гондурасқа, кейін АҚШ аумағына жеткізбек болған екен. Тәртіп сақшылары заңсыз тауарды минералдық руда тиелген жүктің астынан анықтаған. Осы іске қатысты 3 кісі қамауға алынды.

 

Айта кетейік, Боливия- қара нарыққа кокаин жеткізуден әлемде көш бастап тұрған елдердің бірі. Жыл басынан бері құқық қорғаушылар мұнда 22,5 тоннадан астам есірткі тәркілеген екен.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер