Тектоникалық жылжулардың салдарынан Австралия құрлығы солтүстікке қарай 1,5 метрге жылжыды. Бұл өзгеріс соңғы 22 жылдың ішінде болған, деп хабарлайды австралиялық ғалымдарға сүйенген  ScienceAlert.

 

Бұл қорытынды GPS-өлшемдер негізінде жасалды. Осыған байланысты Австралия ғалымдары құрлықтың географиялық нүктелерінің ресми координаттарына өзгеріс енгізуге әзір, деп жазады 24.kz.

 

Австралия құрлығы - ғаламшардағы ең жылдам материктердің бірі, ол солтүстікке және аздап батысқа қарай жылына 7 сантиметрге жылжып отырады. Бұл қозғалыс салдарынан сол маңдағы жер сілкінуі мүмкін.

 

 

 

Сурет: newsera.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер