Мексика астанасының бірнеше ауданындағы көшелерін Попокатепетль жанартауынан атқылаған күл басып қалды, деп хабарлайды Қазақпарат.  

 

Бықсып жатқан жанартау 31 шілде күні оянып, күл мен бу атқылай бастады. Аспанға атылып жатқан көріністердің алғашқы кадрлары Twitter-де жарияланды.

 

Дегенмен бұл, табиғи апат Мехиконың халықаралық әуежайының жұмысына кедергі келтіре алмады. Өйткені жел оған қарсы беттен соққан еді.

 

 

 

Сурет: dosug.md

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер