Үндістанның солтүстік-шығысында толассыз жауған нөсер соңы су тасқынына ұласып, 43 адамның өмірін жалмады. Қаза тапқандар – Ассам және Бихар штаттарының тұрғындары. Табиғи апаттан 2 миллионға жуық тұрғын жапа шеккен. Жолдарды су шайып, бірқатар ауылға қатынау мүмкін болмай тұр. Қазір өңірде іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауыннан көршілес Непал жұртшылығы да зардап шегіп отыр. Мұнда топан құрбандарының саны 70-тен асты. 2 мыңнан астам үй қираған. Қазір жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшіріп жатыр.

 

 

 

Сурет: india.liveuamap.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер