Бразилияның Рио-де-Жанейро штатында соңғы алты ай ішінде кісі қолынан қаза тапқандар саны 17 пайызға артты. Бұл туралы аймақтық қауіпсіздік институтының статистикалық мәліметтерінде айтылған. Ақпаратқа қарағанда, алғашқы жарты жылда кісі өліміне қатысты 2 мың 470 қылмыстық іс қозғалған. Ал бір ғана маусым айының ішінде мұнда 376 адам кісі қолынан қаза тапқан. Оған қоса, көшедегі қарақшылық пен тонауға қатысты қылмыстар былтырғы жылмен салыстырғанда 34 пайызға артқан. Сондықтан 2016-шы жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары қылмыстың алдын алуға күш салуда. Айта кетейік, Риодағы жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-і мен 21-і аралығында өтеді.

 

 

 

Сурет: wsjournal.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер