АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында балмұздақ мұражайы ашылды. Мұндағы ерекшелік, қойылған барлық экспонаттардың дәмін татып, қолымен ұстауға болады. Мұражайда барлығы 6 зал бар. Олардың әрқайсысының жабдықталу үлгісі де ерекше. Мәселен, бір  бөлмесінде келген қонақтарға балмұздақ дәмі сезілетін ауа толтырылған шар ұсынса, енді бірі шокалад залы деп аталады. Ал басты экспонаты - тәтті кәмпиттер бассейні. Келушілер мұнда жасанды тәттілердің ішінде жүзе алады. Оған қоса, әрбір мұражай қонағына эксклюзивті балмұздақ ұсынылады.

 

Мэрилис БАНН, МУЗЕЙ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл менің бала күннен бергі арманым еді. Ақыры қол жеткіздім. Экспонаттардың көбін жеуге болмайды. Бірақ оларды шынайы заттардан айыру қиын. Тәттілер балаларға да ересектерге де қуаныш сыйлайды. Адамдар мұражайға кірісімен тәттілер ертегісіне енгендей болады. Уақытша болса да барлық қиындықтарын ұмытады.АҚШ-та Балмұздақ мұражайы ашылды

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында балмұздақ мұражайы ашылды. Мұндағы ерекшелік, қойылған барлық экспонаттардың дәмін татып, қолымен ұстауға болады. Мұражайда барлығы 6 зал бар. Олардың әрқайсысының жабдықталу үлгісі де ерекше. Мәселен, бір  бөлмесінде келген қонақтарға балмұздақ дәмі сезілетін ауа толтырылған шар ұсынса, енді бірі шокалад залы деп аталады. Ал басты экспонаты - тәтті кәмпиттер бассейні. Келушілер мұнда жасанды тәттілердің ішінде жүзе алады. Оған қоса, әрбір мұражай қонағына эксклюзивті балмұздақ ұсынылады.

 

Мэрилис БАНН, МУЗЕЙ ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл менің бала күннен бергі арманым еді. Ақыры қол жеткіздім. Экспонаттардың көбін жеуге болмайды. Бірақ оларды шынайы заттардан айыру қиын. Тәттілер балаларға да ересектерге де қуаныш сыйлайды. Адамдар мұражайға кірісімен тәттілер ертегісіне енгендей болады. Уақытша болса да барлық қиындықтарын ұмытады.

 

 

 

Сурет: www.nytimes.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер