Сауд Арабиясында «Қар қала" атты көңіл көтеру орталығы ашылды. Осылайша, Эр-Рияд тұрғындары далада 40 градус ыстық болып тұрса да, қыстың қызығына батып жүр. Орталықта жасанды қар мен сырғанақ бар. Іштегі ауаның температурасы - минус 4. Сондықтан ішке енгендерге қалың киім беріледі. "Қар қала" әсіресе балалар үшін ерекше ермекке айналды.

 

«Мұнда қармен ойнау үшін келдім. Ақ ұлпаны өмірімде бірінші рет көріп тұрмын. Достарыммен жақсы көңіл көтердік. Уақыттың қалай өткенін аңғармай қалдық».

 

Сурет: www.anothertravelguide.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер