Францияның Руан қаласының маңында шіркеуге шабуыл жасаған екінші қаскүнемнің жеке тұлғасы анықталды. Ел прокурорларының хабарлауынша, ДНК сараптамасының нәтижесінде, қылмыскердің 19 жастағы Абдель Малик Петижан есімді француз азаматы екені анықталды. Ол елдің солтүстік-шығысындағы Вогезы аймағының тұрғыны екен. Бұған дейін полиция онымен бірге 19 жасар Адель Кармиштің болғанын хабарлаған еді. Соңғысы Ирак пен Левант лаңкестік тобының қатарына қосылу үшін Сирияға бармақ болған көрінеді. Алайда, ол полицияның қолына түсіп, біршама уақыт түрмеде отырған. Абақтыдан шыққан соң Кармиш тәртіп сақшыларының бақылауында болған.   

 

Еске салсақ, сейсенбі күні Францияның солтүстігіндегі Руан қаласының іргесінде пышақпен қаруланған екі қаскүнем шіркеуге кіріп, бірнеше кісіні тұтқынға алған еді. Сондағы дін қызметшісі қылмыскерлердің қолынан қаза тапты. Оқиға орнына жеткен сақшылар қылмыскердің екеуінің де көзін жойды. Шабуыл үшін жауапкершілікті Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды.   

 

 

 


Сурет: www.vesti.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер