Вьетнамда «Миринаэ» тропикалық тайфуны ойран салуда. Елдің солтүстік аймағында тұрған дауыл ел астанасы Ханойда 1 адамның өмірін жалмады. Тағы 5 кісі жарақат алды, деп хабарлайды Рейтер. Тайфунның салдарынан елде толассыз жаңбыр жаууда. Көшелерді су шайып, көлік қозғалысы қиындады. Жергілікті билік аймақта су тасқынының басталу қаупін ескертті. Бұған қоса, аймақта екпіні сағатына 100 шақырымға дейін жететін жел соғып, нәтижесінде ағаштар тамырымен жұлынып, электр желілері үзілді. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірнеше әуе рейсі де кейінге шегерілді.    

 

 

 

 

Сурет: www.talkvietnam.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер