Түркия билігі әскери төңкеріс жасау әрекетінен соң елдегі ондаған ұлттық бұқаралық ақпарат құралын жабу туралы шешім қабылдады. Олардың қатарында 16 телеарна, 3 ақпараттық агенттік және 45 басылым бар. Бұған қоса, билік өкілдері 1600 әскеридің қызметінен босатылғанын хабарлап отыр. Олардың 149-ы- генерал мен адмирал.

 

Еске салсақ, 16 шілдеге қараған түні Түркияда бүлікшілер әскери төңкеріс жасамақ болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, оқиға кезінде 246 түрік азаматы қаза тауып, тағы 2 мыңнан астамы жарақат алды. Елдің берекесін қашырған дүрбелеңнен соң 60 мыңнан астам адам қамауға алынып, қызметтерінен шеттетілді. Ресми Анкара бұл бей-берекетсіздіктің артында «Хизмет» қозғалысының жетекшісі Фетхуллах Гүлен мен оның жақтастары тұрғанын мәлімдеуде.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер