Атышулы «Боко Харам» лаңкестік тобының шабуылдарынан Африканың 9 миллионға жуық тұрғыны гуманитарлық көмекке зәру. Олардың 7 миллионы - нигериялықтар. Бұл туралы Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Стивен О'Брайен мәлімдеді. Қазіргі таңда аймақтағы 5,2 миллион адам азық-түлікке мұқтаж екен. Содырлардың бақылауында болған Нигерияның Борно штатында 250 бала аш-жалаңаш күн кешуде. Лаңкестер аяқ басқан өңірлерден 2,8 миллион тұрғын бас сауғалауға мәжбүр болған, деп мәлімдеді О'Брайен. Халықаралық ұйымның содырларға қарсы күрестің бұл мақсатына бөлетін қаражаты аз. Сондықтан еш нәтиже бермей отыр.  

 

Айта кетейік, «Боко Харам» тобы дін атын жамылып, түрлі лаңкестік әрекеттер жасап келеді. 2009 жылдан бері содырлардың шабуылдарынан мыңдаған адам қаза тапқан. Лаңкестер жүздеген кісіні ұрлап, құлдыққа алған. Соңғы жарты жылдың ішінде-ақ топ мүшелері 50 баланы жанкешті лаңкес ретінде пайдаланған екен. 

 

 

 

Сурет: nypost.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер