Италияның жағалау күзеті Жерорта теңізінде жүргізген құтқару операциясының нәтижесінде 500-ге жуық мигрантты ажалдан арашалап қалды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлап отыр. Адамға лық толы кемемен жолға шыққандардың қатарында кішкентай балалар да аз емес. Құтқарылғандардың нақты қай ел азаматтары екені әзірге белгісіз. Жағалау күзетінің қызметкерлері келімсектерді өз кемелеріне отырғызып, Италияның Кротоне қаласына қарай бет алды.  

 

 

 

Сурет: www.helloespana.xyz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер