Францияда дін қызметшісінің қазасынан кейін Ұлыбритания шіркеулерінде лаңкестік қаупінің жоғары деңгейі жарияланды. Ал, Корольдіктің ішкі істер министрлігі діни мекемелердегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге шамамен 2 жарым миллион стерлинг фунтын бөлген. Бұл ақша бейнебақылау камералары хабарландыру және дабыл жүйелерін орнатуға жаратылмақ. Дегенмен жергілікті билік  қосымша қаржы бөлудің Франциядағы оқиғаларға еш қатысы жоқ деп отыр. Естеріңізде болса, 26 шілдеде екі ер адам Францияның Руан қаласының іргесіндегі шіркеуге басып кіріп, ондағыларды кепілдікке алған еді. Олар дін қызметшісін өлтіріп, тағы екі кісіні жаралаған. Артынша арнайы операция барысында қаскөйлердің көзі жойылды. Бұл шабуылды "Ирак пен Левант лаңкестік тобы" мойнына алған. 

 

 

 

Сурет: www.openarium.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер