Германия билігі Штутгарт қаласында шабуыл ұйымдастырмақ болған 15 жастағы жасөспірімді тұтқындады, деп хабарлады Қазақпарат.

 

Полицияның хабарлауынша, ол Мюнхенде 9 адамды өлтірген Давид Санболимен байланысып тұрған. 

 

Қолға түскен жасөспірімнің пәтерінен оқ-дәрі, бірнеше пышақ, қанжар және жарылғыш зат қалай жасалатыны туралы нұсқаулық пен химикаттар табылған.

 

Полиция тергеу кезінде оның мектепте күйзеліске ұшырап жүргенін анықтаған, бірақ ол теракт жасағысы келгенін мойындамаған.

 

 

 

Сурет: timesofisrael.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер