Сирияның Камышли қаласында жойқын жарылыс болып, 50 адам қаза тапты. Бұл туралы Әл-Джазира телеарнасы хабарлап отыр. Жарақат алғандардың қатары 170-ке жуық. Оқиға Түркиямен шекаралас аймақта орналасқан шаһардың батысында болған. Ақпарат құралының хабарлауынша, жанкешті көлігімен күрд қорғаныс күштерінің бекетіне жақындап келіп, жарылғыш құрылғыны іске қосқан екен. Шабуыл үшін жауапкершілікті Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды. 

 

Сурет: www.pravda-tv.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер