Жапонияда мүгедектер үйін шабуылдаған ер адам мүмкіндігі шектеулі және ақыл-есі кем жандарға қатысты эвтаназия қолдану туралы заң қабылдауды ұсынған. Осы талабы жазылған хатты ол ақпан айында ел парламентінің төменгі палатасы төрағасының резиденциясына апарған. Сол хатында Сатоси Уэмацу мүгедектерді өлтіру жоспары туралы жазыпты.

 

Еске салсақ, сейсенбіге қараған түні Жапонияның Сагамихара қаласында пышақпен қаруланған ер адам мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемені шабуылдап, 19 адамның өмірін қиды. Тағы 20 шақты кісі ауыр жарақат алды. Қаскүнемнің өзі кейін өз еркімен полиция бекетіне барып, қылмысын мойнына алған. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер