Францияның Сент-Этьен-дю-Рувре қалашығындағы шіркеуде пышақпен қаруланған екі адам бірнеше кісіні тұтқынға алды. Оқиға кезінде 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды Рейтер. Жергілікті ақпарат құралындағы мәліметке сәйкес, қылмыскерлер шіркеуге артқы есіктен кіріп келіп, 5 кісіні кепілге алған. Оқиға орнына жеткен сақшылар қаскүнемдерді атып өлтіріп, тұтқындарды босатты. Қаза тапқан адам - дін қызметшісі, деп мәлімдеді полиция өкілі. Қылмыскерлерді мұндай әрекетке не итермелегені белгісіз. Оқиға орнына Франция президенті Франсуа Олланд пен ішкі істер министрі Бернар Казнев жетті. 

 

Айта кетейік, соңғы уақытта Франция аумағында бірнеше ірі шабуыл жасалған еді. 14-ші шілдеде Ницца қаласында отшашу көруге жиналған халықты тегі тунистік азамат жүк көлігімен қағып, 84 кісінің өмірін қиған еді. Ал былтырғы жылдың күзінде Пиражде болған лаңкестік әрекеттерден 130 адам көз жұмды. Осы оқиғаларға байланысты Францияда бірнеше айдан бері төтенше жағдай режимі сақталуда.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер