Венесуэлаға алғашқы қажеттілік тауарларының қорын толықтыру үшін жарты миллиард доллар несие беріледі. Елге мұндай қаржыны Латынамерикалық резерв қорынан бөлінеді. Осылайша, азық-түлік пен бірінші қажеттілік тауарларының тапшылығына байланысты орнаған күрделі жағдайды жеңілдету көзделіп отыр.

 

Айта кетейік, Венесуэла мұнай бағасының құлдырауынан экономикалық және гуманитарлық дағдарысқа тап болған. Елдегі дүкен сөрелері бос. Тұрғындар болса, азық-түлік пен басқа да керек-жарақтарды сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр.

 

 

 

Сурет: ru.euronews.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер