Жапонияда пышақпен қаруланған ер адам мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемені шабуылдап, 19 адамның өмірін қиды. Қаза тапқандардың арасында жасы 18 бен 70-тің шамасындағы 9 ер адам мен 10 әйел бар. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, тағы 20 шақты кісі ауыр халде. Оқиға Сагамихара қаласында түнгі 2.30-дың шамасында болған. Қаскүнемнің өзі кейін өз еркімен полиция бекетіне барып, қылмысын мойнына алған. Ақпарат құралдары оның 26 жастағы Сатоси Уэмацу екенін хабарлап отыр. Алдын-ала мәліметке сәйкес, қылмыскердің өзі аталған мүгедектер үйінде бірнеше жыл бойы қызмет еткен көрінеді. Оның мұндай әрекетке не себепті барғаны әзірге белгісіз. Десе де, ел билігі бұл оқиғаға лаңкестік топтардың қатысын жоққа шығарып отыр.     

 

Ёсихидэ СУГА, ЖАПОНИЯНЫҢ МИНИСТЕРЛЕР КАБИНЕТІНІҢ БАС ХАТШЫСЫ:

Полициядан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, шабуылдаушының Ирак пен Левант лаңкестік тобымен байланыста болды деуге еш дәлел жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер