Германияның Ансбах қаласында болған жойқын жарылыс үшін жауапкершілікті атышулы Ирак пен Левант лаңкестік тобы өз мойнына алды. Бұл туралы Рейтер экстермистерді қолдайтын Amaq ақпарат құралына сілтеме жасап хабарлады.

 

Айта кетейік, дүйсенбіге қараған түні Германияның Ансбах қаласында музыкалық фестиваль өтіп жатқан аймақтың маңында жойқын жарылыс болып, 15 адам жарақат алған еді. Қаскүнемнің өзі оқиға орнында қаза тапты. Неміс билігі бұл оқиғаны «лаңкестік әрекет» деп бағалады.  Полиция жарылысты 27 жастағы сириялық босқын жасағанын анықтаған. Осыдан бір жыл бұрын оның саяси баспана беру туралы өтінішін қабылдамай қойған екен. Мұнымен қатар, полиция қылмыскердің ұялы телефонынан оның Ирак пен Левант лаңкестік тобына ант беріп жатқаны жазылған бейнежазбаны тапқан. 

 

 

 

Сурет: yiorgosthalassis.blogspot.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер