Күн қуатымен ұшатын Solar Impulse 2 ұшағы Жер шарын айнала саяхатын аяқтады. Әуе көлігі сапарының соңғы нүктесі -  Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласына келіп қонды. Өткен жылдың 9-шы наурызында саяхатын дәл осы жерден бастаған ұшақ Оман,Үндістан, Мьянма, Қытай, Жапония, Испания, Мысыр және АҚШ елдерінің қалаларында аялдады. Ұшқыш Бертран Пикар бұл оқиғаны энергетика тарихындағы ұлы жетістікке теңеді.

 

Бертран ПИКАР, SOLAR IMPULSE 2 ҰШАҒЫ ҰШҚЫШЫ:

Мен осы сәтті көп жылдар бойы күттім. Бұл- энергетика тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі. Әуе көлігі жанармайды мүлдем пайдаланбастан, 40 мың шақырымды еңсеріп өтті. Қазір жаңа мүмкіндіктер мен технологиялардың заманы. Сондықтан, біз жер шарының ластануына жол бермеуіміз қажет. 

 

 

 

Сурет: vistanews.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер