The Financial Times газетінің жазуына қарағанда, осы аптада миллиардыншы iPhone сатылады. Басылым осы меже өтіп кеткен болу мүмкіндігін жасырмайды.

 

Өткен тоқсандағы және ағымдағы тоқсандағы Apple смартфондарының сатылымының көрсеткішіне қарап отырып осындай тұжырым жасалған, деп хабарлайды Қазақпарат.  

 

Сарапшылар соңғы үш айда 40 млн ұялы телефон сатылды, яғни шілде айының соңына дейін Apple саудалаған iPhone саны 987 млн-ға өсті деп хабарлады.

 

Осы сатылым болжамына сәйкес миллиардыншы iPhone иесінің қолына осы аптада тиеді деп болжанып отыр.

 

 

 

Сурет: inform.kz

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер