АҚШ-тың Флорида штатындағы түнгі клубта атыс шығып, 2 адам қаза тапты. Тағы 17 кісі жарақат алды, деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралы. Оқиға дүйсенбіге қараған түні Форт-Майерс қаласындағы клубта болған. Онда жасөспірімдердің сауық кеші өтіп жатқан екен. Куәгерлер 30-ға жуық мәрте атылған оқтың дыбысын естігенін айтады. Күдіктілердің бірі қамауға алынды. Тағы бірі оқиға орнынан ізін суытып үлгерген. Полиция істің мән-жайы мен қылмыскерлерге қатысты ақпарат таратқан жоқ.  

 

Сурет: BBC

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер