Мюнхендегі атыс кезінде зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Сыртқы істер министрлігі осылай деп мәлімдеді. Қаладағы Қазақстан консулдығы жергілікті құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыс жасап отыр. Бүгін Германия аумағындағы барлық ту шабуыл кезінде қаза тапқандарды аза тұту белгісі ретінде төмен түсірілді. Қазір канцлер Ангела Меркель қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп жатыр. Қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысқан қала тұрғындары таңнан бастап қасіретті оқиға болған жерге гүл шоқтарын әкелуде. Мюнхен полициясы күдікті ата-анасымен бірге тұрған пәтерде тінту жүргізді. Сонымен қатар, қаскөйдің әкесі жауап алу үшін ішкі істер басқармасына жеткізілген. Естеріңізге сала кетейік, кеше кешкілік Мюнхендегі "Олимпия" сауда орталығының жанында тегі ирандық 18 жастағы неміс азаматы оқ жаудырып, 9 адамды өлтірген болатын. Тағы 16 тұрғын ауруханада жатыр. Дәрігерлер 3-уінің хәлі ауыр дейді. Арасында балалар да бар. Қаскөй жалғыз өзі әрекет еткен. Оның оқ атуына не түрткі болғаны әлі анықталған жоқ.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер