Үндістанның Кашмир аймағында үкімет әскері мен ереуілшілер арасында болған қақтығыс кезінде 2 адам қаза тапты. Үнді билігі енгізген коменданттық сағатқа қарамастан жанжал екінші апта толастамай отыр. Айта кетейік, Кашмирде соңғы кездері Үндістан билігіне қарсы назазылық шаралары жиілеп кетті. Бұған үнді үкіметінің 8 шілдеде көтерілісшілердің бірнеше көшбасшысын өлтіруі себеп. Бұған дейінгі жаппай қақтығыстар салдарынан 48 шеруші жан тапсырған. Құрбандар арасында жасөспірімдер де бар. Сонымен бірге, бір полиция қызметкері қаза тапты.

 

 

 

Сурет: www.wionews.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер