Хиллари Клинтон вице-президенттікке үміткердің аты-жөнін атады. Ол Вирджиния штатының атынан сайланған сенатор Тимоти Кейн. Оның кандидатурасын АҚШ-тың Демократиялық партиясының жалпы ұлттық съезінде ресми бекіту керек. Бұл жиын 2 күннен кейін Филадельфия қаласында басталады. Сонымен бірге, форум нәтижесі бойынша Демократиялық партияның саяси тұғырнамасы бекітілмек. Айта кетейік, делегаттардың басым бөлігі Клинтонға қолдау көрсетті. Ал осының алдында Республикалық партия миллиардер Дональд Трампты президенттікке үміткер ретінде атаған болатын. АҚШ-тағы мемлекет басшысын сайлау биыл 8 қарашада өтеді.

 

 

 

Сурет: slavpeople.com

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер