Атақты миллиардер Дональд Трамп Республикалық партияның атынан АҚШ президенттігіне үміткер болуға ресми түрде келісімін берді. Кливленд қаласында өткен ұлттық партиялық құрылтайда ол мемлекет басшысы болып сайланған жағдайда елде қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге уәде берді. Бұған дейінгі құрылтайда дауыс берудің нәтижесінде Трамптың кандидатурасына делегаттардың дені қолдау көрсеткен еді.

  

Айта кетейік, АҚШ-та 58-президенттік сайлау үстіміздегі жылдың 8 қарашасына белгіленіп отыр. Трамптың президенттік сайлаудағы қарсыласы Хиллари Клинтон болуы мүмкін. Демократиялық күштер оны алдағы аптада президенттікке ресми кандидат етіп сайлайды деп жоспарланған. Ел конституциясына сәйкес, қазіргі президент Барак Обаманың сайлауға үшінші мәрте қатысуға құқығы жоқ.   

 

Сурет: lenta.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Ұқсас жаңалықтар

Пікірлер