Нью-Йоркте БҰҰ Бас хатшысы лауазымына үміткерлер бойынша алғашқы дауыс беру аяқталды. Шара жасырын түрде өткен. "Франс Пресс" агенттігінің хабарлауынша, бірінші кезең қорытындысы бойынша, Португалияның бұрынғы Премьер-министрі Антониу Гутерреш алда келеді. Қазір таласқа 12 үміткер түсіп жатыр. Олардың тең жартысы - әйелдер. Дауыс беру кандидаттардың біреуі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесінің қолдауына ие болғанша жалғаса береді. Ал, соңғы әрі нақты шешімді халықаралық ұйымның Бас ассамблеясы мақұлдауы тиіс. Жалпы, жаңадан сайланған Бас хатшы келесі жылдың 1 қаңтарында өз міндеттерін атқаруға кіріседі. 

 

Сурет: chto-proishodit.ru

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз



Пікірлер